Сайт картасы
«Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

Без категории23.10.2026, 11:59182 рет қаралды




"ОЖМКО" ШЖҚ КМК-да "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360 VI Кодексіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № КР ДСМ-230/2020 "Медициналық қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын тұрақты жетілдіру мақсатында бекіту туралы" бұйрығына сәйкес медициналық қызметтердің сапасын, медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін айқындау, пациенттерге медициналық көмек көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау, жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау мақсатында пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды."

Егер Сіз:

  • медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбай қалсаңыз;
  • медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • тегін жедел медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың тарапынан ақшалай қаражатты бопсалау фактілерімен кездессеңіз;
  • сондай-ақ, жедел медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, сіз Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге құқылысыз.

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және күнтізбелік бес күннен кешіктірмей сіздің ұсынысыңызды қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

Пациенттерді қолдау қызметіне жеке және телефон арқылы хабарласа аласыз:

  • Жужгов Владимир Владимирович - директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының м.а., телефон 36-34-05.
  • Вовк Вера Ивановна - ішкі бақылау дәрігері, телефон 36-34-05.
  • Аға дәрігерлер - тәулік бойы, телефон 46-00-08.
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ сенім телефоны - 8-7152-36-61-81.
Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.5

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!