Сайт картасы
«Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Мемлекеттік қызметтер

Без категории23.10.2026, 11:50132 рет қаралды

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» есту және сөйлеу қабілетінде қиындықтары бар, мүмкіндігі шектеулі адамдармен байланыс орнату мақсатында «103 жедел медициналық көмек шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін Telegram - бот әзірлеп, іске қосты. Жедел жәрдем шақыру үшін дауыстық байланыс орнату міндетті емес. Ол үшін төмендегі сілтеме арқылы Telegram - ботты пайдаланыңыз: https://t.me/sko_103_bot.


2026 жылғы 29 қыркүйекте «Облыстық жедел медициналық көмек орталығында» шақыртуларды қабылдау диспетчерлері мен аға дәрігерлер арасында «Жедел жәрдем шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша семинар өткізілді. Семинарды директордың ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.А. Ким, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары В.В. Жужгов пен дәрігер - сарапшы В.И. Вовк өткізді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. «Жедел жәрдем шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
  2. Шақыртуды қабылдау кезінде медицина қызметкерінің этикасы мен деонтологиясы.
  3. Жұмыста жіберілген қателерді талдау.

«ОЖМКО» - да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында шақыртуларды қабылдау кезінде қолданылатын алгоритмдер тұрақты түрде пысықталып отырады. Жедел медициналық жәрдем шақыру Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетелдіктерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

  • Мемлекеттік қызметтер - 3 ішінен 1-фото
  • Мемлекеттік қызметтер - 3 ішінен 2-фото
  • Мемлекеттік қызметтер - 3 ішінен 3-фото


03.06.2026 ж. Облыстық жедел медициналық көмек орталығында шақыртуларды қабылдау диспетчерлері мен аға дәрігерлерге арналған «Жедел медициналық жәрдем шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету тақырыбында семинар өтті. Семинарды директордың ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.А.Ким, директордың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары С.А.Кашемирова, дәрігер - сарапшы В.И. Вовк жүргізді. Күн тәртібінде «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары, шақыртуды қабылдау кезіндегі медицина қызметкерінің этикасы мен деонтологиясы, сондай - ақ жіберілген қателіктерге талдау жасау мәселелері қарастырылды. «ОЖМКО» - да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында шақыртуларды қабылдау алгоритмдерін пысықтау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Жедел медициналық көмек шақырту қызметі Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетел азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

  • Мемлекеттік қызметтер - 2 ішінен 1-фото
  • Мемлекеттік қызметтер - 2 ішінен 2-фото


05.12.2025 жылы «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» ШЖҚ КМК-да «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өтті.

Диспетчерлерге шақыруды қабылдау бойынша стандарт айтылды, жеделдік санатын анықтау бойынша алгоритм пысықталды, қоңырауларды қабылдау кезінде анықталған ақаулар көрсетілді. Семинарды директордың ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.А.Ким, директордың емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары В.В.Жужгов, қосалқы станция меңгерушісі С.А.Кашемирова өткізді.

Іс-шара «Облыстық жедел медициналық көмек орталығында» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.

  • Мемлекеттік қызметтер - 2 ішінен 1-фото
  • Мемлекеттік қызметтер - 2 ішінен 2-фото


2026 жылдың алғашқы 9 айында жедел медициналық жәрдем қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсетуі туралы талдамалық ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы



Орындалған мемлекеттік қызметтер

Жедел медициналық көмек шақырту мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-2252020 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 32 бұйрығы

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.5

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!