Сайт картасы
«Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Түрік инвесторлары Ақтөбе жедел жәрдеміне 14 реанимобильді тапсырды

Жаңалықтар05.10.2021, 13:3136 рет қаралды

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен түрік компаниясы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын сенімді басқаруға беру туралы шарт жасасты.

Аталған компания пациенттерге шұғыл көмек көрсету үшін медициналық құралдармен жабдықталған «Мерседес» маркалы 14 заманауи реанимобильдерді облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғашқы рет тапсырды. Сондай-ақ, инвестор ведомствоға тағы осындай 34 реанимобильді беруді жоспарлап отыр.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі МЖӘ есебінен тартылған инвестициялар ақтөбеліктерге жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталуы күтуде деп хабарлайды.

Түрік инвесторлары бұл бағытта үлкен тәжірибеге ие және жобаға 3,5 млрд.теңге салуға дайын. Компания Батыс-2 шағын ауданында жылына 75 мың шақыртуға жедел жәрдем станциясын және қала бойынша 3 қосалқы станциясын салады. Сонымен қатар, инвестор дәрігерлерді, фельдшерлер мен жүргізушілерді халықаралық стандарттарға сәйкес оқытуға уәде береді.

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.5

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!